Күдікті өз кінәсін мойындады.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматыда банктен ақша ұрламақ болған күдікті ұсталды. Полиция мән-жайды айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Екінші деңгейлі банк бөлімшесінен қолма-қол ақша ұрлана жаздаған. Қылмыс түнде жасалған.
"Белгісіз ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға өтпек болған, бірақ брондалған шыныдан өте алмаған. Бұл әрекеті бекер екенін түсінген күдікті оқиға орнынан кетіп қалған", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Криминалдық полиция басқармасы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 32 жастағы күдіктіні ұстаған.
"Күдікті өз кінәсін мойындады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.