Қаза тапқандардың саны - 7.
ERNUR.KZ. Bek Air ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылды, деп жазады Tengrinews.kz.
"Оқиға орнында құтқарушылар, медициналық қызметтер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Эвакуация жүріп жатыр. Жедел штаб құрылды", - делінген хабарламада.
Жедел желі нөмірі: 8 (7172)53-32-84
Алматы облысы ТЖД 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18
Нұр-Сұлтан ТЖД 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47
Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан шыға ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.
"2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажы эвакуацияланып жатыр. Қаза тапқандардың саны - 7. Премьер-Министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған", - делінген хабарламада.