Алматыда белгісіз ер адам орындықта отырған әйелге шабуыл жасаған

0
275

Көрші ғимараттан шығып, өтіп бара жатқандардың арқасында әйел құтылып үлгерген.


Алматыда белгісіз ер адам орындықта отырған әйелге шабуыл жасаған

ERNUR.KZ. Алматыда әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалған, деп жазады tengrinews.kz.

Журналист Козачковтың Telegram-арнасында белгісіз адамның әйелге жасаған шабуылының видеосы жарияланды. Арна мәліметінше, оқиға 10 сәуірде болған. Видеодан белгісіз жігіт келіп, орындықта отырған әйелді мойнынан ұстап алғанын көруге болады. Көрші ғимараттан шығып, өтіп бара жатқандардың арқасында әйел құтылып үлгерген.


Алматы полициясының баспасөз қызметі әйелге дене жарақатын салу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Ер адам ұсталып, жауапқа тартылады.