Алматы, Астана және Шымкентте тұмаудың өршуіне байланысты 1-2 курс студенттері онлайн режимге көшірілді.
ERNUR.KZ. Алматыдағы кейбір жоғарғы оқу орындарының 1-2 курс студенттері онлайнға ауыстырылды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз жетекшісі Ерлан Байтанаев айтты, деп жазады sputnik.kz.
Студенттері онлайнға ауысқан оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универистеті. Ғылым және жоғары білім министрлігінің айтуынша, студенттер онлайн режимге қауіпсіздік мақсатында көшті.
"Алматы, Астана және Шымкентте тұмаудың өршуіне байланысты 1-2 курс студенттері онлайн режимге көшірілді. Бұл тікелей ата-аналар мен студенттердің өтініші. Арасында қызылша ауруын жұқтырғандар бар, бірақ көп емес. Ондай аурумен тіркелген студенті бар топтар толығымен онлайнға көшірілді", - дейді Ержан Байтанаев.
Оның айтуынша, онлайн оқыту режиміне бір ҚазҰУ ғана емес, басқа да оқу орындары ауысты. Олардың қатарында Сәтпаев атындағы техникалық университет пен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті де бар.
"1 және 2-курс студенттерін оқытуға ауыстыру туралы шешім студенттер мен олардың ата-аналары тарапынан, оның ішінде әлеуметтік желілерде де, әсіресе жатақханаларда тұратын студенттер арасында жедел респираторлық жұқпалы ауруларжың өсуі туралы өтініштердің көптігінен туындады. "Smart Health University" медициналық-диагностикалық орталығының мәліметтеріне сәйкес, соңғы аптаның өзінде науқастанғандар саны 1350-ке жеткен, жедел шақыртулар тәулігіне 30-35-ке дейін және жұқпалы аурулардың асқынуына күдікті науқастарды ауруханаға жатқызу көбейген", - дейді ҚазҰУ баспасөзі.
Бакалавриаттың 1 және 2-курс студенттері, негізінен басқа қалалардан келген студенттер жатақханада тұрады және лекпен оқиды, сондықтан олар жұқпалы ауруларды жұқтыратын ең осал топ, дейді КаҰУ мамандары.
"Университеттегі студенттердің талабымен маска режимін сақтай отырып, шағын топтарда зертханалық және практикалық сабақтарда аралас оқыту форматы өтуі мүмкін. Ауруға шалдығу жағдайы университет басшылығының бақылауында. Жоғары курстардың сырқаттанған студенттерінің саны 30% -ке дейін ұлғайған жағдайда жеке топта факультет декандарының ұсынуы бойынша қашықтықтан оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады", - деді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универистетінің баспасөз қызметкері.