​Алматыда бизнесменнің қызын ұрлап кетіп, 500 мың доллар талап еткен

0
1 223

Күдіктілер электр есеңгіреткіштің көмегімен жүргізушіні жансыздандырып, оны байлап тастаған. Осыдан кейін қызды белгісіз бағытта алып кетеді.


​Алматыда бизнесменнің қызын ұрлап кетіп, 500 мың доллар талап еткен

ERNUR.KZ. Алматыда кәсіпкердің кәмелет жасына толмаған қызын ұрлап кетіп, арам пиғылдылар бизнесменнен жарты миллион доллар талап еткен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасаған NUR.KZ порталы жазады.

Сәдубаевтың айтуынша, қызды 14 қараша күні ұрлаған. Оны Алматыдағы шағын аудандардың біріндегі өз үйінің алдынан алып кеткен.

Күдіктілер электр есеңгіреткіштің көмегімен жүргізушіні жансыздандырып, оны байлап тастаған. Осыдан кейін қызды белгісіз бағытта алып кетеді.

Кешірек жәбірленушінің ата-анасына ақша беруді талап етіп хат жолдаған. Бұзақылар жасөспірімнің өмірі үшін 500 мың доллар сұраған.

Қыздың жақындары бірден полицияға шағымданды. Тәртіп сақшылары күдіктілерді бір тәулік ішінде анықтап, олар тұтқындап, жеткіншекті ата-анасына қайтарады.

Қазір жасөспірім қыздың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Тергеушілер тергеу амалдарын жүргізіп, күдіктілердің әрбірі қылмыс кезінде қандай рөлді атқарғанын анықтап жатыр.