Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев орталық стадион қайта жаңғыртылып, 32 мың орынға дейін кеңейтілетінін мәлімдеді.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаев бұрынғы әскери госпиталь орналасқан жерге кітапхана мен қонақ үй салу жоспарларын растады, деп жазады stan.kz.
Бұл құрылыс Сатпаев және Назарбаев көшелерінің қиылысында орналасады. Жаңа кітапхана 1 миллион кітап қорымен және туристерді тарту мақсатында қонақ үймен жабдықталады.
"2023 жылдан бері 60 нысан қайтарылды, оның 12-сі республикалық меншікке, 48-і қалалық меншікке берілді. Бұрын жеке компанияға тиесілі болған бұл жер 2023 жылы мемлекетке қайтарылған", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев орталық стадион қайта жаңғыртылып, 32 мың орынға дейін кеңейтілетінін мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, олар стадионды кеңейтіп, халықаралық талаптарға сай етіп жасайды.
"Стадион 1958 жылы салынған. Келесі жылы оны қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз. Стадионды кеңейтеміз. Шамамен 32,5 мың адамға арнап жасалады. Оны барлық стандарттарға сай етіп жасаймыз. Болашақта Еуропа мен әлем чемпионаттарын өткізуге болады. Түрлі мәселелерге тап болмас үшін ашық алаңдар қалдырмаймыз, барлық жері жабылады”, – деді Досаев.