Алматыда дәмхана қонағын аяусыз ұрған күзетшілер ұсталды

0
331

Нәтижесінде 40 жастағы ер адам ауыр жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.


Алматыда дәмхана қонағын аяусыз ұрған күзетшілер ұсталды
ERNUR.KZ. Алмалы аудандық полицейлері қаладағы ойын-сауық мекемелерінің біріне келген азаматты соққыға жыққан екі күзетшіні ұстады, деп жазады kaz.inform.kz.

Полиция мәліметіне сәйкес, жәбірлеуінші отырыс уақытын созуды сұраған. Ал күзетшілер оған келіспей, артынша оны соққыға жыққан. Нәтижесінде 40 жастағы ер адам ауыр жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

«Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында дәмхананың екі күзетшісінің кінәсі анықталды. Жәбірленуші онда достарымен бірге болған. Күзетшілер кафе келушілерінің отырыс уақытын ұзарту туралы өтінішіне агрессивті түрде әрекет еткендігі белгілі болды. Оның үстіне мекеме қызметкерлері соққыға жығылған ер адамға араша түспек болған адамдарға мән бермеген. Екі күдікті де ұсталып, қамауға алынды», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.