Алматыда дәрігерлер жүкті келіншектің жатырын рұқсатсыз алып тастаған

0
602

Дәрігерлердің үстінен ашылған қылмыстық іс те тоқтатылған.


Алматыда дәрігерлер жүкті келіншектің жатырын рұқсатсыз алып тастаған

ERNUR.KZ. Жуырда Алматы тұрғыны Алина Абилева «Керуен Медикус» жекеменшік клиникасының үстінен өзінің арызы бойынша ашылған қылмыстық істің жабылғанын біледі. Жәбірленушінің сөзінше, тергеуді күдіктілерден ештеңе сұрамай, жан-жақты зерттеусіз жаба салған, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Өткен жылдың қараша айында мен «Керуен Медикус» жекеменшік клиникасының үстінен арыз түсірдім. Себебі олар менің және ұлымның өміріне қауіп төндіріп, сап-сау барған мені «енді жүкті бола алмайды» деген шешім шығарып, мүгедекке айналдырды», - деп жазды Алина өзінің Instagram парақшасында.

Оқиға қалай басталды?

2020 жылы аяғы ауыр Алина Абилева Алматыдағы «Керуен Медикус» клиникасына барады. Анализдер мен тексерулер барысында дәрігерлердің ешқайсысы оған баланың салмағы үлкен екенін және сараптама нәтижелері кесар тілігін жасау қажеттілігін көрсетіп отырғанын хабарламаған. Бұл туралы науқас босанып, ота жасалып біткеннен кейін ғана білген.

7 шілде күні Алина мен жас нәресте клиникадан шығады. Ертесі күні келіншек клиникаға хабарласып, ішінің асты қатты ауырып жатқанын айтқан. Дәрігерлер оған қашықтан ем тағайындайды. Бірақ Алинаның денсаулығы жақсармай, керісінше нашарлай берген. Кейіннен ауыр перитонит екені анықталып, оған екінші ота жасалған.

«Осыдан кейін мен тек екі күннен кейін ғана медбикелерді көрдім. Не болды, қалай болды, ота кезінде қандай жағдай орын алғанын маған ешкім айтпады. Тек УЗИ алдында мен ұрсысып бастап едім, дәрігер Қалиева келіп «менің жатырымды алып тастағандарын» айтты», - деді жәбірленуші.

Алина жеке клиниканың қызметкерлері жүктілік кезеңінде-ақ дұрыс емдемеді деп отыр. Сәбиінің дүниеге келуі трагедиямен аяқтала жаздағаны аздай, енді өзін мүгедекке айналдырған. Өз кезегінде «Керуен Медикус» дәрігерлері жас келіншектің өмірін сақтап қалғандарын алға тартып отыр.

«Ең сорақысы дәрігерлер өз кінәларын сезінбейді және бізге ештеңе де болмайды деп санайды. Олар маған: «Қолыңыздан келсе дәлелдеп көріңіз» дегеннен аспай отыр», -деді.

Тергеу амалдары қалай жүргізілді?

Бастапқыда қыз адвокаттың кеңесі бойынша Медициналық қызметтер сапасын бақылау комитетіне (бұдан әрі — Комитет) шағым жаздым дейді. Бірақ белгісіз себептермен құжат тіркелмеген. Алина әлеуметтік желілерде бастан өткергенін жазып, көмек сұрағаннан кейін ғана Комитет оның шағымын тіркеп, тергеуді бастаған. Сараптама ақпан айында аяқталған, ал жәбірленуші наурыз айында Алматы Полиция департаментіне барып арыз жазған.

«Қылмыстық тергеу наурыз айынан бері жалғасып келеді және осы уақыт ішінде тергеуші тек құжаттар пакетін жинай алды. Медициналық сот сараптамасы үш рет жүргізілді. Алғашқы екі әрекет сәтсіз аяқталды: алматылық сот — медициналық сарапшылары Комитеттің мәтінін көшіре салған, өздері ешқандай сараптама жасамаған. Тергеушіден гистологияны сұрамады», - деді Алина.

Сондай-ақ, ол қылмыстық істе ең маңызды дәлел – оның рұқсатсыз алынған дене мүшесі. ҚР Заңы бойынша алынған орган бес жыл бойы сақталуы тиіс.

«Тергеушілер екі толық объективті сараптама жүргізілді деп отыр. Бірақ, шындығында олай емес. Үшінші рет тергеуші құжаттардың толық пакетін жинап, басқа қалаға қайта медициналық сараптама сұраған кезде (бұл шамамен қыркүйек айында болған) менің ағзам жоғалды. Олардың қайда екенін ешкім білмейді», - деді жәбірленуші.

Айтуынша, отадан кейін клиника оның дене мүшесін мемлекеттік паатологанатомдық бюроға жіберіп, шистологиялық зерттеуге тапсырыс беруі тиіс еді. Алинаның өзі ол кезде дене мүшесін көрген және ол орнында болған. Кейіннен белгісіз себептермен ота арқылы алынған дене мүшесі жоғалып кеткен.

Іс жабылған

«Мен үстінен арыз жазған күдікті дәрігерлерден жауап алмастан қылмыстық іс жабылды. Жауап алу – бұл міндетті түрде тергеу кезінде орындалуы керек әрекет. Олар қылмыс құрамын белгілемеді, ешқандай әрекет жасамады, менің органдарым жоғалғанын ескермеді, тіпті оның қандай себептермен жоғалғанын білмейді», - Алина.

Бүгінгі таңда жәбірленуші прокуратураға арыз жазған. Тергеушілер сарапшылардың «ауырлық деңгейін анықтау мүмкін емес» деген қорытындысына сүйеніп отыр. Ал адам ағзасын өз рұқсатсын алып тастау – ауыр қылмыстардың бірі болып саналады.