Коронавирустың "үнді" штамын жұқтырған әйел, еш жерде жұмыс істемейді.
ERNUR.KZ. Жандарбек Бекшин алматылық әйел коронавирустың "үнді" штамын қай жерден жұқтыруы мүмкін екенін айтты, деп жазады zakon.kz.
"Пәтерінде жөндеу жұмысы жүріп жатқанын көрдік. Одан жұмыс істейтін-істемейтінін сұрадық. Ол жұмыс істемейтінін, үйде отырғанын айтты. Сұрастыра келе, оның екі базарға, содан соң үй маңындағы азық-түлік дүкеніне жиі барғаны анықталды. Сірә, ол оны тамақ сатып алатын жақын дүкенде немесе құрылыс базарларында жұқтыруы мүмкін", - деді Бекшин РКҚ-да өткен брифингте.
Ол әйелдің инфекцияны күйеуінен жұқтыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Өйткені күйеуі жиі шетелге шығады екен, мысалы қазір ол Голландияда жүрген болып шықты.
23 маусымда Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коронавирустың "үнді" штаммының айналымда болу ықтималдылығы расталғанын хабарлады. Кейін бұл фактіні қаланың бас санитарлық дәрігері растады. Науқас үйде отырған әйел болып шықты.