Алматыда егде жастағы кісі қарттар үйінің терезесінен құлап кетті

0
916

Қартты қарттар үйінің қызметкерлері орнынан тұрғызып, ішке кргізіп, төсегіне жатқызған.


Алматыда егде жастағы кісі қарттар үйінің терезесінен құлап кетті

ERNUR.KZ. Қарттар үйіндегі науқас белгісіз себептермен "Забота" деп аталатын мекеменің терезесінен құлап кеткен. Мекеме қызметкерлері оны дәрігерлерге көрсетудің орнына, ішке кіргізіп жатқызып қойған, деп жазады zakon.kz.

"Забота" қарттар үйінде болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Артынша ол кадрлар әлеуметтік желіге тарап кетті. Бейнежазбаға қарағанда, қартты қарттар үйінің қызметкерлері орнынан тұрғызып, ішке кргізіп, төсегіне жатқызған.

Кейін терезеден құлап кеткен зейнеткердің бірнеше жері көгеріп, сынғаны белгілі болды.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты тергеу басталған.
"Істің мән-жайын зерделеу үшін материалдар Алматы қалалық медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау департаментіне жіберілді", – делінген елордалық полиция департаментінің хабарламасында.

Жақында Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болған науқастың туыстары дәрігер мен медбикеге шабуыл жасағаны хабарланды. Зардап шеккен медицина қызметкерлерінің жағдайы ауыр деп бағаланды.