Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі электршінің жеке компанияда жұмыс істегенін атап өтті.
ERNUR.KZ. Алматыда электр бағанасына шыққан монтерді тоқ соғып, тірідей жанып кетті, деп жазады inform.kz.
Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған фактіні растап, тиісті тергеу басталғанын мәлім етті.
«Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдай анықталып жатыр», — деп атап өтті ведомстводан.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі электршінің жеке компанияда жұмыс істегенін атап өтті.