Алматыда электр бағанының астынан ер адамның денесі табылды

0
309

Полиция қылмыстық іс қозғады.


Алматыда электр бағанының астынан ер адамның денесі табылды

ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Алматыдағы Момышұлы-Мөңке би ауданында электр беру тірегінің астынан адам асылған күйде табылды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілерде өтіп бара жатқан көліктің жолаушысы бейнеге электр беру тірегін түсірген бейнеролик тарады. Ол жерде ер адамның денесі асылып тұрған.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

– Жағдайлар мен себептер анықталып жатыр, - деді ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.