Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады - Бекшин

0
2 406

Олардың дені вирусты сауда орындарында, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында жұқтырған.


Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады - Бекшин

ERNUR.KZ. Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлағанын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Соңғы төрт күнде Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Күніне 125, 140 адамға дейін инфекция жұқтырды. 25 қаңтардан бастап Алматы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа өтті. Біз қазір арнайы іс-шара әзірлеп, енгізуге дайынбыз», - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың 35%-ы 20-39 жастағылар, 27-28%-і 40-59 жас аралығындағы тұрғындар. Олар вирусты сауда орындарында, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында жұқтырған.