Желідегі мәліметке сәйкес, ер адам «Turar» бизнес орталығының терезесінен құлап кеткен.
Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. Алматыда биіктен құлаған адам мерт болды, деп жазады inform.kz.
Желідегі мәліметке сәйкес, ер адам «Turar» бизнес орталығының терезесінен құлап кеткен. Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105- бабы (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады.
– Бұл дерек бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.