Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті

0
166

Оқиға 25 маусым күні кешке Әуезов пен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында болған.


Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Алматының Бостандық ауданында бірге ішімдік ішкен екі ер адамның жанжалы пышақ жарақатымен аяқталды, деп жазады zakon.kz.

Оқиға 25 маусым күні кешке Әуезов пен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында болған.

Полицияның мәліметінше, алкогольдік ішімдік ішіп отырған екі ер адамның арасында жанжал туындаған. Сөзге келіспей қалған олардың бірі екіншісінің аяғына пышақ сұққан.

Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді. Күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, осы күні Алматының Алмалы ауданында полицейлер қауіпті жағдайда қалған қыз туралы хабарламаға жедел әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алған болатын.