Алматы облысының полицейлері үш аптаға жуық хабар-ошарсыз кеткен 25 жастағы әйелдің өлімін хабарлады.
ERNUR.KZ. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен оның бұрынғы жұбайы ұсталды, деп жазады Stan.kz.
Қайғылы оқиға Көксу ауданының Ақшатоған ауылында орын алды. 7 наурызда жалғыз тұрып, кішкентай ұлын тәрбиелеп отырған 25 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кеткен. Оның хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз аудандық полицияға 9 наурызда келіп түскен. Іздеу жұмыстары алғашында нәтижесіз болды.
24 наурызда кісі өлтіру нұсқасын тексеру барысында оның 29 жастағы бұрынғы күйеуі жауапқа алынды. Нәтижесінде ер адам қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Алдын ала болжам бойынша ол әйелін қызғанышпен өлтірген. Жәбірленушінің денесін жерлеу орны қызметтік іздестіру итімен жүріп ауылдың шетінен іздеп тапты.
Ұсталған азаматтың айғағы бойынша ол әйелімен ажырасып Талдықорғанда тұрған. Ол баласын көру үшін жиі келіп тұрған. 7 наурызда мас күйде болған азамат жанжал туындатып соңы әйелдің өлімімен аяқталған.