Алматыда ер адам көпқабатты үйден құлап, мерт болды

0
248

26 жастағы жігіттің өлімінің себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.


Алматыда ер адам көпқабатты үйден құлап, мерт болды

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Бостандық ауданына қарасты "Өркен" тұрғын үй кешенінде болғаны әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады baq.kz.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Бостандық аудандық полиция Басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. 26 жастағы жігіттің өлімінің себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жасөспірім қыз 16 қабатты үйден құлап, қаза тапқан еді.