Қазіргі уақытта күдіктінің қылмыстық әрекетінің бірнеше эпизоды дәлелденген.
ERNUR.KZ. Алматыда мешіттерде ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.
Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағындағы мешіттерде жасалған бірқатар ұрлық деректерін әшкереледі. Күдікті ұсталып, оның ұялы телефондар, әмияндар мен өзге де жеке заттарды жасырын түрде ұрлағаны анықталды.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті намаз уақытын пайдаланып, адамдардың бейқамдығын аңдып, қылмысын жасырын жүзеге асырған.
"Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде ұрлықтарға қатысы бар күдікті ұсталып, әрбір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, — деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.
Қазіргі уақытта күдіктінің қылмыстық әрекетінің бірнеше эпизоды дәлелденген. Оның осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.


