Алматыда есірткі сатумен айналысқан әйел ұсталды

0
651

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, Сейфуллин даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласында күдіктіні ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізілді.


Алматыда есірткі сатумен айналысқан әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының полицейлері «а-PVP» есірткі затын сатумен айналысқан әйелді ұстады, деп жазады Zakon.kz.

"Оның қылмыстық әрекеті жедел және арнайы іс-шаралармен расталды. Ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын әйел адам синтетикалық «а-PVP» есірткі затын тұрақты тұтынушысына сатқан", - деді, Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, Сейфуллин даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласында күдіктіні ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізілді. Рұқсат етілген жеке тінту барысында күдікті К. есімді азаматшадан оқшауланған қызыл түсті бума табылып, тәркіленді, оның ішінде өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен байламы болды.

"Ұсталған азаматшаның тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде 3 электронды таразы, полиэтилен пакеттері және қабаты бар медициналық тамшуырлар табылып, тәркіленді. Сараптамалар тағайындалды"- деді, Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, К. есімді азаматша синтетикалық есірткіні сатқанын, оны интернет арқылы сатып алатынын мойындады.

"Біз бұл ақпараттың растығын тексеріп жатырмыз және қалаға шөпті жеткізудің шынайы арнасын міндетті түрде анықтаймыз",- дейді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов

Есірткі сатушы ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.