Алматыда әйелдің басын кесіп алу оқиғасы: сотталушының үкімге реакциясы видеоға түсіп қалды

0
554

Үкімді алқабилер соты шығарды.


Алматыда әйелдің басын кесіп алу оқиғасы: сотталушының үкімге реакциясы видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алды деп айыпталған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады tengrinews.kz.

Үкімді алқабилер соты шығарды. Ер адам әйелді өлтіріп, кейін басын кесіп алғаны үшін кінәлі деп танылды. Әйелдің басы Станкевич көшесіндегі Алматы-1 базарындағы дүкеннен табылған, ал Шолохов көшесіндегі саябақта әйелдің денесі табылды. Биыл сәуірде болған бұл қатыгез қылмыс бүкіл қаланы дүр сілкіндірді.

Ер адамға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Күдікті үкімге келіспейді. Ол әйелді өлтірмегенін және үкімге шағымданатынын айтқан.

"Міндетті түрде. Оларда ешқандай факт не куәгерлер айғағы жоқ. Оларда кісі өлтіру құрал, ештеңе жоқ. Менде барлық дерек бар. Президент кеңсесі мен халықаралық адам құқықтары комитетін тартуды сұраймын", - деп айқайлады ер адам.

Сот мәліметінше, тергеу органы оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша, яғни ерекше қатыгездікпен қасақана кісі өлтірді деген айып тағып отыр.

"Сот не белгіледі: сотталушы И. қиын отбасылық және өмірлік жағдайда, одан әрі қарым-қатынаста болғысы келмейтін азаматтық некедегі жұбайына материалдық тәуелді бола отырып, қоғамда қорқынышты қылмыстық жағдай жасау үшін кісі өлтіруді ұйғарған. Осыдан кейін наурызда қасақана кісі өлтіруді алдын ала жоспарлап, жәбірленуші А.-ны наубайханада жұмысқа орналастырамын деп қала саябақтарының бірінде кездесуге шақырған. Одан кейін И. ерекше қатыгездікпен жәбірленушінің басын кесіп алған. Сосын қоғамда резонанс тудыру үшін жәбірленуші А.-ның басын шұжық және ірімшік сататын дүкендердің біріне апарып, тастап кеткен", - делінген хабарламада.

Бұл ретте, сот мәліметінше, "сотталушы өз кінәсін толық мойындаған және жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтқан".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.