Алматы қаласы әкімшілігі 8 наурызда феминист әйелдердің шеру өткізуіне келісім берді.
ERNUR.KZ. Митинг пен шеру өткізуге Feminita, «КазФем», «Фемсреда», ОФ «SVET» және «FemAgora» ұйымдары белсеніп отыр. Алматы қаласы әкімшілігі 8 наурызда феминист әйелдердің шеру өткізуіне келісім берді, деп жазады inbusiness.kz.
Бейбіт шеру туралы заң бойынша шеру мен митинг өткізуге рұқсат етілген орындар санаулы. Сондықтан олар шерудің жүріп өтетін көшелерін нақты атаған. Әйелдер Ганди паркінен бастап Шевченко көшесімен жүріп өтпек.
Ал митингіні Уәлиханов скверінде ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Феминист ханымдардың ойынша, бұл – кемсіту мен теңсіздікті болдырмауға үлес қосатын, әйелдердің ынтымағын көрсететін тарихи күн болмақ.