Алматыда «Кальмар ойыны» сериалындағы алып қуыршақ пайда болды

0
112

Ерекше инсталляция қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырып отыр.


Алматыда «Кальмар ойыны» сериалындағы алып қуыршақ пайда болды

Фото: Александр Павский / Kazinform

ERNUR.KZ. Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің алдында әйгілі «Кальмар ойыны» сериалындағы Ён Хи есімді қуыршақтың ескерткіші орнатылды, деп жазады inform.kz.

Ерекше инсталляция қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырып отыр. Қалалықтар қуыршақпен суретке түсу үшін арнайы келеді. Назар аударарлығы — алматылық қуыршақтың түпнұсқадан сәл айырмашылығы бар: оның белдемшесінің төменгі бөлігі қазақы ою-өрнекпен безендірілген, бұл мүсінге ұлттық сипат беріп тұр.

Әйгілі «Кальмар ойыны» — 2021 жылы жарық көрген оңтүстік кореялық триллер жанрындағы сериал. Режиссері және сценарий авторы — Хван Дон-хёк.

Сериал 2021 жылы 17 қыркүйекте Netflix платформасында жарық көріп, бірден әлемдік хитке айналды. Туындыда әлеуметтік теңсіздік, қарызға бату, лудомания сияқты тақырыптар қозғалады.

Екінші маусымы 2024 жылдың желтоқсанында шықса, 2025 жылы үшінші маусымы жарық көріп, көрермендердің қызығушылығын оятып, рекорд орнатты. Қызығы сол, жаңа маусымдағы кейбір ойындар Орталық Азия көшпенділерінің ұлттық ойындарына қатты ұқсайды.

Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі бұл телехикаяны кәмелетке толмағандар көруге болмайтынын мәлімдеген болатын.