Алматыда қандала дәрісінен уланған ер адам көз жұмды

0
1 151

Анасы мен ұлына жәндіктерді өлтіретін құралдан улану диагнозы қойылған.


Алматыда  қандала дәрісінен  уланған ер адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда қандала улаймын деп жансақтау бөліміне анасымен бірге түскен 32 жастағы ер адам қайтыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ер адам 12 желтоқсанда кешкі уақытта көз жұмды, жүрегі тоқтап қалды. Осы уақытқа дейін қалалық жедел жәрдем ауруханасында жансақтау бөлімінде жатты. Есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер барлық шараны қолданды, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Еске салайық, анасы мен ұлы аурухананың жансақтау бөліміне 1 желтоқсан күні түсті. Оларға жәндіктерді өлтіретін құралдан улану диагнозы қойылған болатын.