Бұл кезде автобус жүргізушісі дәретханаға кеткен екен.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жүргізушісі жоқ автобустың артқа қарай жүріп кетіп, жасаған жол апатының видеосы пайда болды, деп жазады baq.kz.
Кеше Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында жүргізушісі жоқ, қараусыз қалдырылған №79 автобустың жол апатына түрткі болғаны хабарланған болатын. Бұл кезде автобус жүргізушісі дәретхана кеткен екен.
Кейін полиция хабарлағандай, №79 жолаушылар автобусы Абай даңғылының бойымен шығыс бағытта 84 метр артпен жүрген. Автобустың соққысына алғаш боп ұрынған Land Cruiser көлігі болды. Ол күшті соққыдан Kia Rio мен Chevrolet Cobalt-қа зақым келтірді. Одан кейін автобус жол қиылысында тұрған Kia Optima көлігіне де соғылды. Апат салдарынан Kia Rio көлігінде болған бір әйел зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.