​Алматыда кәріз қақпақтарын ұрлағандар ұсталды

0
1 146

Сыныптастардың «үлкен жолдан» жаңбыр қақпақтарын алып тастап, оларды қара металл ретінде өткізгендігі анықталған.


​Алматыда кәріз қақпақтарын ұрлағандар ұсталды

ERNUR.KZ. «Жас Қанат» ықшам ауданында арық жүйесінің жапқыштары мен кәріз қақпақтарын ұрлаған екі адамды ұстады. Ұсталғандар бұған дейін ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін сотталғаны анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Мемлекеттік меншікті ұрлауға табыстың қолжетімділігі мен оңайлығы ықпал еткен көрінеді.

«Ұсталған 46 жастағы ер адамдар бір-бірін мектептен біледі, олар бір сыныпта оқыған. Тұтқындалған Я. есімді азаматта жолаушылар тасымалдайтын «Газель» көлігі бар, ол оны жүк таситын қылып жөндеп алған. Ер адамның айтуынша, ол жеке жүк тасымалымен ақша тауып жүрген. Оның досы, Ч. есімді азамат дәнекерлеуші ретінде жұмыс істеген және тұтынушылардың жоқтығынан ақша тапшылығы пайда болған. Олардың біреуі бұған дейін адам өлтірген болса, екіншісі есірткіні таратқаны үшін жазасын өтеген, бірақ жүк тасымалдау және дәнекерлеу саласында тұтынушылардың аз екеніне сену қиын. Олардың қала аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. ҚР ҚК-нің 188 бабына (басқаның мүлкін ұрлау) сәйкес алдын ала тергеу жұмыстары басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Думан Аухадиев.

Сыныптастардың «үлкен жолдан» жаңбыр қақпақтарын алып тастап, оларды қара металл ретінде өткізгендігі анықталған.

«Олар қаланың бір ауданында бөлшектеу жұмыстары жүріп жатқандығын және бұл ескі қақпақтардың ешкімге керек еместігін, сондай-ақ бәрі заңды екендігін айтып, металл сатып алушыны сендіріпті. Соған қарамастан, металл сатып алған кәсіпкерге айыппұл салынды. Оған қатысты лицензиядан айыру да ұсынылған. Сонымен қатар, онымен ұрланған мүлікті сатып алуды болдырмау туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді», - дейді подполковник Аухадиев.