Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен қылмыстық топ ұсталды

0
134

Олар қақтығыс жағдайлар мен арандатулар жасау арқылы объектілерді басып алумен айналысқан.


Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен қылмыстық топ ұсталды

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі криминалитеттің бизнеске қысым көрсету фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп жазады sputnik.kz.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы қаласында жұмыскерлері қылмыстық ортаның өкілдері болған күзет ұйымының құқыққа қарсы қызметі жойылды.
Олар қақтығыс жағдайлар мен арандатулар жасау арқылы объектілерді басып алумен айналысқан. Кейіннен олардың "қауіпсіздігін" қамтамасыз еткен.


Мысалы, өткен жылдың 23 қарашасында фигуранттар криминалдық қамқорлық жасау және ықпал ету саласын кеңейту мақсатында караоке-барға басып кіріп, онда мекеменің иесі мен күзетшілерін ұрып-соққан.
"Полицияға 10 күдікті жеткізіліп, олардың 6-уы қамауға алынды. 20-дан астам іздеу іс-шаралары жүргізіліп, атыс және суық қару тәркіленді. Бұзақылық пен өз бетінше билік етудің бірнеше фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.