Алматыда қатарласын соққыға жыққан оқушы қыздар ұсталды

0
308

Оқушылардың ата-аналары балаларын тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.


Алматыда қатарласын соққыға жыққан оқушы қыздар ұсталды

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде бір топтың қыздың қатарласын ұрып жатқаны бейнежазба тарады, деп жазады inform.kz.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бейнежазбадағы барлық жасөспірім анықталып, полицияға жеткізілген.

— Олардың әрқайсысының іс-әрекетіне тергеу арқылы құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады. Жасөспірімдер оқитын жалпы білім беру ұйымдарының әкімшілігіне қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар жіберілді. Оқиғаға қатысушылардың барлығы мектептің ішкі есебіне алынды, — деп хабарлады департаменттен.
Сонымен қатар оқушылардың ата-аналары балаларын тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Алматы полициясы қылмыстық іс бойынша әрбір құқықбұзушыға қатысты материалдар Бостандық ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралатынын мәлімдеді.