Алматыда қазақстандықтарды Украинадағы соғысқа шақыратын жарнамалар тарады: Полиция тергеу бастады

0
792

Алматыдағы сауда орталығында Легион “Свобода России” ұйымының плакаты пайда болып, онда сарбаздарды жинау басталғаны айтылған.


Алматыда қазақстандықтарды Украинадағы соғысқа шақыратын жарнамалар тарады: Полиция тергеу бастады

ERNUR.KZ. Алматыда Розыбакиев көшесінде орналасқан “Mega” сауда орталығында жастарды соғысқа шақыратын жарнамалар пайда болған, деп жазады stan.kz.

Алматыдағы сауда орталығында Легион “Свобода России” ұйымының плакаты пайда болып, онда сарбаздарды жинау басталғаны айтылған.

“Үйіңе жеңімпаз болып орал. Легион “Свобода России” рекруттардың жаңа жиынын ашады”, – делінген жарнамада.

Полиция мән-жайды анықтап жатқанын мәлімдеді.

"Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Мән-жай анықталады", – деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

“Свобода России” – Украина жағында соғысатын ресейліктердің тәуелсіз әскери бөлімі. Ұйымды Киев қаржыландырады деген ақпарат бар

Елімізде шетелдегі соғыстарға қатысқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 172-бабы “Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу” бойынша бұл үшін 5 жылдан 9 жылға дейін жаза көзделген.