Көмекке полиция қызметкерлері жетті.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Алматыда кептелісте қалған жүкті әйел босанып қоя жаздады, сол маңайда жүрген полиция қызметкерлері оларға көмекке жетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Желідегі мәліметке сүйенсек, Алматы тұрғыны жүкті әйелін перзентханаға дер кезінде жеткізуге көмектескен полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. Оның айтуынша, патрульдік 0368/05 экипажы (борт нөмірі 055) қиын жағдайда жедел әрекет етіп, көмек көрсеткен.
Ер адамның сөзінше, қаладағы кептеліс кезінде жұбайының толғағы басталып кеткен. Жағдай ушыға бастаған соң ол дереу полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Экипаж бірден көлікке жетіп, қауіпсіз әрі жылдам түрде қалалық перзентханаға дейін жеткізіп салған.
«Үлкен алғысымды білдіремін, олардың көмегі болмағанда жолда босанып қалуым әбден мүмкін еді», – деді әйел.


