Жетісуда микроавтобус жүк көлігіне соғылып, 2 адам қаза тапты

0
143

Барлығы 10 адам жарақат алды.


Жетісуда микроавтобус жүк көлігіне соғылып, 2 адам қаза тапты

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Жетісу облысы аумағында Алматы – Өскемен автожолының 143-шақырымы тұсында Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусы мен КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады inbusiness.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға кезінде микроавтобус КамАЗ тіркемесінің астына кіріп кеткен.

"Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытта қозғалған Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі өзімен бір бағытта келе жатқан КамАЗ тіркемесімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Sprinter көлігіндегі тағы 10 жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.