Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
ERNUR.KZ. Алматыда қалалық жолаушылар автобусы метро станциясының кіреберіс құрылымына соғылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Қаскелең автобус паркі» ЖШС тасымалдаушы компаниясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 28 желтоқсан күні таңғы уақытта Абай көшесінің бойында Ясауи мен Момышұлы аралығында болған.
«28 желтоқсанда таңғы сағат 7:30 шамасында №78 маршруттың жүргізушісі «Б. Момышұлы метробекетіне» кіреберістегі әйнек құрылымына соғылды . Зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады компаниядан.
Автопарк басшылығы уәкілетті орган Алматы қалалық Полиция департаментінмен бірлесіп, қолданыстағы заңнама аясында шара қабылданатынын жеткізді.