Алматыда қоймадан өрт шықты

0
211

Өртті сөндіруге жедел қызметтер мен "ҚТЖ" өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.


Алматыда қоймадан өрт шықты

ТЖМ

ERNUR.KZ. Алматыда Жетісу ауданындағы қоймадан өрт шықты, деп жазады tengrinews.kz.

"Өрт шыққан жерге құтқарушылар 9 минутта жетті. Алғашқы бөлімше келген кезде қойма ашық жалынмен өртеніп жатқан. Оқиға орнында ТЖ департаменті басшысының жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Өрт сөндірудің төрт жауынгерлік учаскесі жасақталды. Нысан алдын ала электр желісінен ажыратылды, өртті сөндіруге және қасындағы ғимараттарды қорғауға өрт сөндіру оқпандары берілді", – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге жедел қызметтер мен "ҚТЖ" өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

"Жағдай ТЖМ бақылауында. Жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін өрт орнынан бейнетрансляция нақты уақыт режимінде ТЖМ-нің жедел басқару орталығына шығарылды", – деп хабарлады министрлік.

02:59-де ведомство өрттің 3150 шаршы метр аумақта толық сөндірілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, өртсөндірушілер зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.

6 желтоқсанда күндіз Алматының Медеу ауданында "Геолог" бау-бақша серіктестігі аумағында да өрт шыққан еді: екі ғимарат пен үш автокөлік өртеніп кетті.