Алматыда қоқыс өңдеу орнында әйелдің бөлшектелген денесі табылды

0
300

Алматы тұрғыны өз әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастағаны белгілі болды.


Алматыда қоқыс өңдеу орнында әйелдің бөлшектелген денесі табылды

ERNUR.KZ. Алматыда қалдықтарды қайта өңдеу орнында полиэтилен пакетке салынған дене бөліктері табылды, деп жазады stan.kz.

2 қаңтарда "Green Recycle" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалдықтарды өңдеу зауытының аумағынан 68 жастағы әйелдің бөлшектелген денесі табылды. Мәйіттің басы мен аяғы болмаған, дене бөлшектері пакетке салынған.

Алматы тұрғыны өз әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастағаны белгілі болды.

Алты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ұсталғанын мәлімдеді.

"Ұзақ уақытқа созылған араздықтан әпкесіне аяусыз әрекет жасаған 66 жастағы әйел ұсталып, уақытша қамауға алынды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.