Үйдің 1 және 16 қабатында электр кабельдері жанған.
ERNUR.KZ. Алматыда көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді, деп жазады Stan.kz
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, соңыра сөндірілген.
Үйдің 1 және 16 қабатында электр кабельдері жанған.
Көпқабатты үйдегі өрт салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді, оның 16-сы - балалар.
"Бірінші тамыз сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданы "Ақкент" шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді. Оның 16-сы - бала. Қайтыс болғандар жоқ. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланады",- деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік.
Бүгін сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы "Ақкент" ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр",- деп хабарлады ведомстводан.