Науқастан коронавирус 17 сәуірде анықталған.
Алматы қаласында коронавирустан қайтыс болған науқастың басқа да аурулары болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
Науқас 1964 жылы туған. Одан коронавирус 17 сәуірде анықталған.
Қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония.
22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ-ге ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ сеансын алды.
Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады.
30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады.
Сағат 07:00-де биологиялық өлім тіркелді. Қорытынды диагнозға сай, адам расталған COVID-19, ауыр ағым және жоғарыда аталған қосымша ауруларға байланысты көз жұмды.