Ол психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.
ERNUR.KZ. Мәйіттерді зорлап, видеоға түсірген мәйітхана күзетшісін сот психиатриялық стационарға емдеуге жіберді, деп жазады baq.kz.
Жабық сот отырысында мәйіттердің денесін қорлады деген айыппен Б.-ға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы материалы (ҚК 314-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы) қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, Б. созылмалы психикалық ауытқушылықпен ауырады (2024 жылғы 24 маусымдағы сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысы) және 2023 жылғы сәуірден 2023 жылғы қазанға дейінгі кезеңде мәйітхана ғимаратында бірнеше рет мәйіттердің денелерін қиянаттады, және ол ұялы телефонына осының барлығын видеоға түсіріп алған. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, ер адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық шараларды қолдану ұсынылды. Сот сараптамалық қорытындыларға сүйене отырып, Б.-ның өз іс-әрекетін жасау кезінде ақыл-есі дұрыс еместік жағдайда болғаны және созылмалы психикалық ауруына байланысты өз іс-әрекетінің мәні мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмайтындығы, сондай-ақ оларды басқара алмайтындығы туралы қорытындыға келді,- деді Алматы қалалық соты.
Сот қаулысымен сотталушы ақыл-есі дұрыс емес деп танылып, психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.