Прокуратура тексерісінен соң тауарлық газдың тарифі төмендетілді.
ERNUR.KZ. Алматы қаласының прокуратурасының араласуымен тауарлық газға тариф төмендетілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ведомство өкілдері мәлімдегендей, тексеру нәтижелері бойынша «APL Construction» ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуы, сондай-ақ орамішілік газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану деректері анықталды.
«Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың м3 үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7% - ға), 184 млн теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді, сондай-ақ монополист ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды және 78 млн теңге айыппұл өндірілді», - делінген хабарламада.
Қабылданған шаралармен Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарының 11 мың тұтынушының құқығы қорғалды, олардың 300-ден астамы – кәсіпкер.