Алматыда мопед мінген курьер жасаған жол апаты: Жолаушы ауруханада көз жұмды

0
1 842

Жол апаты 28 наурыз күні болған.


Алматыда мопед мінген курьер жасаған жол апаты: Жолаушы ауруханада көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда мопед мінген курьердің қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккен екі адамның бірі ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.


«Өкінішке қарай, 28 наурыз күні Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында болған жол апатынан жарақат алған мопедтің жолаушысы қалалық ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша Алматы қаласы ПД тергеу басқармасында ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Бұған дейін жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.




Еске салайық, 28 наурыз күні сағат 22:00 шамасында мопед жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта жылжып келе жатып, Байтұрсынов көшесінің қиылысында бағдаршамның ескерту сигналына қарамастан өтіп кетпек болған.

Салдарынан «Toyota RAV4» автокөлігімен соқтығысты.

Апаттан мопед жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген еді.