1979 жылы туған азамат және оның 2002 жылы туған ұлы ұсталды.
ERNUR.KZ. Алматыда мопед ұрлаған әке мен бала ұсталды, деп жазады baq.kz.
Бостандық аудандық полиция басқармасына бірден үш мопедтің ұрланғаны туралы арыз келіп түскен.
"Криминалистердің табысты жұмысының арқасында барлық жағдайда да бір адамның іс-әрекеті екендігі анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында жергілікті тұрғындар анықталып, 1979 жылы туған С. есімді азамат және оның 2002 жылы туған ұлы ұсталды. Ұрланған мопедтер де табылды, оларды әрі қарай қайта сату үшін жасырып қойған. Әкесі мен баласы қылмысты түнде жасағаны анықталды. Екі айыпталушы да қылмысын мойындады. Біз бұл қылмыстық іс-әрекеттің көп эпизодтылығын жоққа шығармаймыз, соған байланысты, күдіктілердің жеке басы басқа да қылмыстарға қатыстылығы бар-жоғына тексеріледі. Тергеудің осы кезеңінде осыған ұқсас үш дерек анықталды", - дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Думан Аухадиев.
Тәртіп сақшылары азаматтарды мотокөлік құралы қауіпсіздігі үшін шаралар қабылдауға шақырады. Ал егер ұрлық орын алған болса, тезірек әрекет ету үшін арыз жазған кезде өндіруші-зауыт берген сериялық нөмірді көрсету керек.