Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Төле би көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Алматыда өндірістік альпинист 12-қабаттан құлап, қаза болды, деп жазады tengrinews.kz.
Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Төле би көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Қайтыс болған альпинист 27 жаста еді.
Алматы Полиция департаменті еңбек қорғау ережелерінің бұзылуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Оқиғаның басқа да мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомство.