Алматыда өзін полиция қызметкері деп таныстырып, шетелдіктерді алдаған алаяқ ұсталды

0
935

Ол Қазақстанда тұруға рұқсат алып беру үшін шетелдіктерден 250 мың теңге алып отырған.


Алматыда өзін полиция қызметкері деп таныстырып, шетелдіктерді алдаған алаяқ ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда шетелдіктерді алдап жүрген ер адам ұсталды. Ол өзін ішкі істер органдарының қызметкерімін деп таныстырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Наурызбай ауданының полиция бөлімінің мәліметінше, 1985 жылы туған И. өзін құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп таныстырған.

«Ер өзін адам құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіру арқылы алдаған. Атап айтқанда, адамдары көші-қон саласындағы мәселелерді шешуге, Қазақстанда тұруға рұқсат алып беруге көмектесетініне сендірген. Әр қызметі үшін алаяқ шетелдіктерден 250 мың теңге көлемінде ақша алып келген. Ол уәделері сенімді болу үшін жәбірленушілермен кездесуге барғанда, тәртіп сақшысының формасын киіп алған. Қазір уақытта И. ұсталды. Тергеу барысында оның құқық қорғау органдарымен ешқандай байланысы жоқ екендігі анықталды. Ұсталған азаматтың заңсыз әрекеттерінен бірнеше адам, соның ішінде шетелдіктер зардап шеккен. Осыған байланысты тергеу бөлімі оның суретін жариялады. Егер танып жатсаңыздар мына телефондарға хабарласу қажет: 254-44-61 және 254-44-62; 254-44-64», – деді Наурызбай ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Зухраб Мырзағали.

Бүгінде ҚРҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.