Алматыда өзінің қызметкерін зорлады деген күдікпен ЛГБТ белсендісі 2 айға қамалды

0
139

Жәбірленуші түнгі мекемеде жұмыс істейтінін айтып, бастығынан зорлық көргенін мәлімдеді.


Алматыда өзінің қызметкерін зорлады деген күдікпен ЛГБТ белсендісі 2 айға қамалды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде өзін Елисей деп таныстырған азаматтың зорлық көргені туралы айтқан бейнежазбасы тарады, деп жазады baq.kz.

Жәбірленуші түнгі мекемеде жұмыс істейтінін айтып, бастығынан зорлық көргенін мәлімдеді.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Медеу аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің жеке басы анықталып, ол полицияға ресми түрде арызданды. Күдікті ретінде 29 жастағы азамат — аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Тергеу барысында күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі, оның ішінде мәлімделген жағдайлар ескерілетін болады. Алдын ала тергеудің барысы Алматы қалалық полиция Департаменті басшылығының бақылауында,– делінген хабарламада.

Оқиға Алматыдағы “Амировка” атты түнгі мекемеде болған. Бұл мекеме ЛГБТ қауымдастығы өкілдерінің бас қосатын орны ретінде танылған. Түнгі клуб әкімшілігі оқиғаға байланысты пікір білдіріп, ЛГБТ белсендісі әрі бардың иесі Амир Шайкежановтың басшылық қызметінен шеттетілгенін хабарлады.

Біз зорлық-зомбылықтың, харассменттің, шекара бұзудың, квирфобияның және адам қадір-қасиетіне құрметсіздік білдіретін кез келген әрекетті қатаң айыптаймыз. Зорлық тек ниет мәселесі емес, оның салдары да маңызды екенін түсінеміз. “Амировка” қызметкері Елисей мен оның негізін қалаушы Амир арасындағы өзара әрекетке байланысты ақпараттар тарады. Біз Елисейге күш-жігер мен сауығу тілейміз. Осы жағдайдың салдарын қайта қарау кезеңінде Амир басқаруға, шешім қабылдауға және “Амировка” атынан көпшілік алдында сөйлеуге өз еркімен шеттетіледі. Барлық функциялар біздің командаға беріледі, – делінген клуб мәлімдемесінде.