Алматыда ҚР ІІМ зейнеткерлерінің құжаттары сатылып келген

0
1 253

Тінту барысында дайын бланкілер мен ІІМ қызметкерлері мен зейнеткерлері құжаттарының мұқабалары, қалалық ІІД елтаңбалық «мөрі» табылды.


Алматыда ҚР ІІМ зейнеткерлерінің құжаттары сатылып келген

Алматы полициясы жалған құжат шығарумен айналысқан шағын цехтың жұмысын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Логовая көшесінде орналасқан. 48 жастағы ер адам бұл цехта жалған құжат жасаумен айналысқан. Тінту барысында дайын бланкілер мен ІІМ қызметкерлері мен зейнеткерлері құжаттарының мұқабалары, қалалық ІІД елтаңбалық «мөрі» табылды.

«48 жастағы ер адам 1 жыл бойы жалған құжат сатып келген. Оның серігі клиент табумен айналысқан. Қылмыскерлер кезекті мәміле жасар кезде ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК 385-бабы бойынша бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Айдын Қабылдинов.