Алматыда студенттердің жеке деректерінің таралуы: Университет қызметкерлері жұмыстан босатылды

0
355

Ақпанда Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студенттердің жеке мәліметтерінің таралып кеткені туралы айтылған еді.


Алматыда студенттердің жеке деректерінің таралуы: Университет қызметкерлері жұмыстан босатылды

ERNUR.KZ. Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша кінәлілер жазаға тартылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп жазады inform.kz.

«Университет қызметкерлері жұмыстан босатылды, әкімшілігі жауапқа тартылды. Сонымен қатар университетке қызмет көрсететін медициналық орталықтың қызметкерлері де жазаланды. Енді медициналық орталықпен келісімшартты бұзу мәселесі тұр. Тізімге қатысты барлық адам жазаланды», - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студенттердің жеке мәліметтерінің таралып кеткені туралы айтылған еді.

Кейін сотқа дейінгі тексеру басталғаны хабарланды.