Алматыда студенттерге арналған дағдарыс орталығы құрылмақ

0
208

Алматыда 200 мыңнан астам студент білім алады.


Алматыда студенттерге арналған дағдарыс орталығы құрылмақ

ERNUR.KZ. Алматыда студенттерді қолдауға бағытталған дағдарыс орталығы мен жедел әрекет ететін қалалық штаб ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды университет ректорларымен кездесуде мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Қала басшысы жаңа оқу жылына дайындық, жатақханалардың жай-күйі және студенттердің қала өміріне араласуы бойынша өзекті мәселелерді көтерді.

Алматыда 200 мыңнан астам студент білім алады. Бұл – Қазақстандағы студенттердің үштен бірі. Осыған байланысты әкім жастарға жүйелі қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Қазіргі уақытта жатақханаларға тексеру жұмыстары басталған. Студенттердің өтініштері мен мәселелеріне дер кезінде әрекет ету мақсатында қалалық ахуалдық штаб құрылуы мүмкін.

Кездесу барысында ректорлар білім беру жүйесін жаңғырту, кампустардағы инфрақұрылымды жақсарту, сондай-ақ жастарды экологиялық және қалалық жобаларға кеңінен тарту бойынша ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар, Алматының түркі әлемі жастарының астанасы мәртебесі аясында алдағы уақытта ауқымды мәдени және білім беру шаралары өтетіні айтылды.

Тек осылай ғана жауапты әрі белсенді ұрпақты қалыптастыруға болады, - деп қорытындылады сөзін қала әкімі Дархан Сатыбалды.