Алматыда студенттерге арналған екі жатақхананың құрылысы басталды

0
557

Жатақхана 760 орынға арналған


Алматыда студенттерге арналған екі жатақхананың құрылысы басталды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Алатау ауданында 1440 орындық екі колледж бен 760 орынға арналған жатақханалардың құрылысы басталды, деп жазады sputnik.kz.

Зерделі шағын ауданында кәсіптік-техникалық колледж пайдалануға беріледі. Жаңа оқу орны 720 адамға арналған. Ал жатақханада 380 студент тұра алады.
Тура сондай жатақханада Алғабас шағын ауданында болады. Бірақ колледж инновациялық-техникалық бағытта білім береді.
Айта кетері, мемлекет басшысы Алматыға жасаған сапары кезінде нда студенттерге арналған жатақхана мәселесін шешуді тапсырған. Қазіргі кезде Алатау ауданында 1 600-ден астам адам оқитын университет және 859 оқушы оқитын екі орта арнаулы оқу орны бар. Енді, оларға тағы екі колледж қосылады.