ҚР ІІМ Ұлттық ұланының офицері, капитан Аманғали Еменов 4-қабаттан секірмек болған әйелді ажалдан құтқарып қалды.
ERNUR.KZ. Оқиға 16 наурыз күні сағат 13:30 шамасында болған, деп жазады baq.kz.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының офицері, капитан Аманғали Еменов 4-қабаттан секірмек болған әйелді ажалдан құтқарып қалды.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, Аманғали оқиға орнына кездейсоқ тап болған. Ол жоғарыға қарап тұрған адамдарды көріп, не болып жатқанын білмекші болған. Осы уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, әйелді секіруден бас тартуға көндіруге тырысып жатқан.
Ұландық офицер уақыт жоғалтпай, жоғарғы қабаттан арқан арқылы төменге түсіп, көрші терезеден пәтер ішіне кіреді. Бірден қонақ бөлмеге өтіп, асқан сақтықпен секіргелі тұрған әйелді артқа қауіпсіз жерге сүйреп шығарады. Әскери қызметші мен полицейлердің кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді, - деді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Оқиға орнына келген дәрігерлер әйелге қажетті көмек көрсетті, ал құзыретті органдар қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.