Алматыда тапа-тал түсте біреулер балалы әйелге шабуыл жасады

0
973

Қылмыс дерегі Саяхат маңындағы аулалардағы камералардың біріне түсіп қалған.


Алматыда тапа-тал түсте біреулер балалы әйелге шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Алматыда ер адам арбамен бала сүйреткен әйелді тапа-тал түсте тонап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қылмыс дерегі Саяхат маңындағы аулалардағы камералардың біріне түсіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желіде таралып жатыр.

Бейнекадрда түскі 15:20 шамасында басына кепка киген ер адам арбамен баласын сүйреп бара жатқан әйелдің артынан кеп, тұтқиылдан шабуыл жасаған. Ары қарай не болғаны белгісіз.

Полиция департаменті аталған видео туралы төмендегідей түсінік берді:

«Бұзақылық туралы хабарлама 15:40-та кезекші пультіне түсті. Жәбірленген әйелдің айтуынша, қылмыскер оның мойнындағы алтын алқаны алып кеткен. Жедел түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері маңайды тінтіп шықты. Күдіктінің сырт белгілері партуль қызметтеріне таратылды. Жетісу аудандық полициясы арнайы жедел-тергеу тобын құрды. Қазір бірнеше камерадағы видео іс материалдарына тіркелді. Күдіктінің кім екендігі анықталып жатыр. Бұл дерек ҚР ҚК 191-бабымен тергеу ісі реестірне тіркелді», - деді Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.