Алматыда тек екінші қабаттағы пәтерлерді тонайтын ұрылар ұсталды

0
638

Әзірге 25 пәтер ұрлығы дәлелденіп отыр. Ол әрине әлде қайда көп болуы мүмкін.


Алматыда тек екінші қабаттағы пәтерлерді тонайтын ұрылар ұсталды

ERNUR.KZ. Алматылық ұрылар пәтер тонаудың жаңа тәсіліне көшіпті. Ел тәтті ұйқыда жатқанда олар, екінші қабаттағы пәтерлерді "тазалап" жүрген. Қылмыстық топты алматылық полиция жуырда ғана қолға түсірді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Полиция қолына түспей тұрып ұрылар 25 пәтерде тонап үлгерген. Олар тек екінші қабаттағы пәтерлерге түсіп жүріпті. Өйткені, дені темір тормен қоршалмаған. Оның үстіне оған өрмелеп шығу да оңай.


Бұл сезіктілердің қолдарынан дәйекті заттар шықты ұсталғаннан кейін. Мәлім болғандай бөтен пәтерлерге бұл азаматтар терезе арқылы ғана кірген. Көздеген екінші қабаттан биік емес болуы керек еді, талаптары сондай, - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Терезе арқылы кіріп талай адамды зар илеткен ұрылар осы уақытта тергеу изоляторында отыр. Полиция қолында айғақ заттар аз емес. Айыбы дәлелденіп жатса онда олар кемінде 3 жылдан бас бостандығынан айрылуы тиіс. Мамандардың айтуынша, биік үйде тұратындарың дені қауіпсіздік шараларын сақтамайтын көрінеді. Әккі ұрылар осыны пайдаланады.


- Мына көршілерді естіп жатамын 2-3 үйді тона кетті, деп кешенің арғы күні қана айтты. Енді біз де қорқып отырмыз, - дейді қла тұрғыны.


Айта кетейік, ұрылар алып кеткен заттардың көбі ақша, алтын әшекей немесе қара базарда сатуға жарамды бағалы заттар. Оның арасында тұрмыстық техникада кездеседі. Мұның бәрін олар терезе арқылы шығарып отырған. Мамандар осы ретте, "көп қабатты үйде тұрамын", деп арқаны кеңге салуға болмайды, деген кеңес береді.