Алматыда теміржол вокзалының қызметкеріне оқ атты

0
860

​Іс бойынша 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды.


Алматыда теміржол вокзалының қызметкеріне оқ атты

ERNUR.KZ. "Алматы 1" вокзалында теміржол кәсіпорнының қызметкеріне оқ атты, деп жазады inbusiness.kz.

"2021 жылдың 26 шілдесінде Алматы-1 темір жол вокзалының Көліктік полиция департаментінің кезекші бөліміне белгісіз біреу Н. есімді азаматқа оқ атып, өлтіруге оқталған, деген хабар түсті. Күдікті анықталып, ұсталды, ол қылмысты «Наган» револьверімен жүзеге асырмақ болған, қару тәркіленді", - деді Көліктегі полиция бөлімінің бастығы Оңал Бекиев.